Алматыда кішкентай бала шатырдан құлап мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com/ru

Алматы қаласында ойнап жүрген бала тұрғын үйдің шатырынан құлап мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бостандық аудандық полиция басқармасында 2017 жылы туған баланың өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2 бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр" делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Алматы полициясы оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді.

Айта кетсек, кейбір БАҚ жазғандай бала тұрғын үйдің шатырынан құлап мерт болған.

Еске сала кетсек, елордада балаларға қатысты бірнеше қайғылы факті болды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61