Bugin
Фото: olympic.kz
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов Ханчжоудағы Азия ойындарында жартылай финалдық айқасын өткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
71 келі салмақтағы 1/2 финалда ол жапониялық Севон Окадзавамен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойында жапониялық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен (2:3) жеңіске жетті.
Осылайша, финалға өткен Окадзава Қытай Тайбэйінің боксшысы Кан Чиа Вэймен алтынды сарапқа салады. Ал Асыланбек қола жүлдегер атанды.
Севон Окадзава 2021 жылғы ӘЧ жеңімпазы және 2019 жылғы АЧ-нің күміс жүлдегері.