Bugin

Жеті қабат қонақүй өртенді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: astanatv.kz

Тайландтың Паттайя қаласындағы зәулім қонақүйдегі түнгі өрт туристердің үрейін ұшырды. Демалушылар заттарын тастап, номерлерінен жанталаса қаша жөнелген. Бір турист зардап шекті,  деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Pattayamail басылымына сілтеме жасап.

Оқиға өткен дүйсенбіде түнгі уақытта болған. Өрт жеті қабатты қонақүйдің екінші қабатында шығып, лезде жан-жағына көшкен. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жөнелтілген. Алайда Кувейттен келген 31 жастағы турист өрт болған аймақтан дер кезінде шыға алмаған. Өрт басталғанда ол душта болып, төтенше жағдай туралы білмеген. Ол есікті ашып, сыртқа шықпақ болғанда өрт шарпып, әйел күйіп қалған.

Паттайя өрт сөндірушілер 30 минут шамасында тілсіз жаумен алысып, ауыздықтаған. Полиция тергеу шараларын бастады, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.