Bugin

Астанада үйдің маңынан мәйіт табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі көпқабатты үйлерге жақын жерде адамның мәйіті табылғанын растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Кazinform сайтына сілтеме жасап.

"Даладан табылған мәйіт бойынша – зорлық-зомбылық белгілері жоқ", – делінген ресми мәліметте.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

"Жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды", – деді полициядан.

Сондай-ақ Астана қаласының Полиция департаменті елордадағы криминогендік жағдай тұрақты екенін мәлімдеді.

"Полицейлер тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтау және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу бойынша қызмет атқаруда", – делінген ведомство ақпаратында.