Саясат

Адамзат тарихындағы үшінші қателікке жол береміз бе?

Қазақстанда АЭС салынуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәскеу Нұр-Сұлтанға АЭС салуға ұсыныс жасады. Бұл ұсынысқа Ресей басшысы Владимир Путин мұрындық бола отырып, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу кезінде мәлімдеген болатын.

Әлем картасын ашып жіберіп қарасаңыз, АЭС ең көп шоғырланған құрлық қатарында АҚШ пен Еуропа және Жапония тұр. Дегенмен, көп бөлігі жұмысы тоқтатқан және жалпы қолданыстан шыққан.

Осыдан 33 жыл бұрын 1986 жылы 26 сәуір күні тек Ресей үшін емес, жалпы адамзат баласы үшін үрейлі де қасіретке толы күн болғанын жақсы білеміз. Ресейдің Чернобыль атом электр станциясында орын алған оқиға АЭС тарихындағы ең үлкен сәтсіздік деп қарастырылады.

Төртінші энергоблок жарылып, айналасына үлкен шығын әкелді. Ал бұл блок Украина астанасы Киевтен 120 шақырым жерде және Белоруссиямен шекаралас аймақта орын алды.

Айта кету керек, Чернобыль АЭС-і сол кездің өзінде әлемдегі ең үлкен станциялардың қатарына кірді. Бұл әскери-стратегиялық мақсатта салынған жоба.

Арада 33 жыл өтсе де халық әлі оның зардабын шегіп келеді. Аталған аймақтағы жергілікті халық мәңгілікке басқа жаққа көшірілген. Себебі, улы радиоактив ауаға тарап, халықтың өмір сүруі мүмкін емес жағдайға жеткен. Қазір мұның кесірін кейінгі ұрпақ көріп келеді.

Жапония. Фукусима АЭС

8 жыл бұрын немесе 2011 жылы 11 наурызда Жапонияның Фукусима АЭС-і құрдымға кетті. Анығы жер сілкінісінен туындаған цунамидің әсерінен сол жердегі станцияда үлкен жаралыс орын алды. Бұл қасірет Чернобльден кейінгі екінші тарихи оқиға.

Жергілікті жердегі 150 мыңнан астам халық өскен ортасын тастап кетуге мәжбүр болды. Жерге алдағы бірнеше он жылдық ішінде қайта келуге тиым салынды. Анығы, қауіпті аймақ ретінде тіркелді.

Осыдан кейін әлем өз станицияларына жаппай зерттеу жұмыстарын жасады. Себебі, табиғат апаты ешкімді аямайтынын анық көрсетіп берді. Соның ішінде тіпті Германия толықтай АЭС-тен бас тартты. Тіпті Жапониядағы осы салғырттықтың артында жемқорлық мәселесі тұруы да мүмкін деген ақпарат та тарады. Мемлекет пен жеке компания арасында болған ақшаның талан-таржыға түсуінен апаттың алдын алу мүмкін болмаған деген де әңгімелер бар.

Әлемнің үздік елдерінің қатарына кіретін Жапония осыдан кейін үлкен сабақ ала білді. Алып қана қойған жоқ АЭС-ке деген қызығушылықтары да төмендеді. 2012 жылға дейін 1 жыл ішінде 54 ядро реакторлардың 90% жұмысын тоқтатып үлгерген. Жергілікті билік тіпті түбегейлі қарсылық білдіріп, елді ядросыз да дамытуға болатынын дәлелдеп келеді.

АЭС пайдасына үңіліп көрейік

Экономикалық жақтан биліктің ойы төмендегі бірнеше аргументтерге келуі мүмкін:

-        Энергия жағынан көршілерден тәуелсіз болу;

-        Электрэнергиясы құнының төмендеуі;

-        Өзбекстанға энергия экспорттау;

-        10 жылдан кейін Қазақстан толыққанды электромобиль пайдаланатын болса, энергия көзі керек болады;

-        Ғылымды дамытуға үлес қосады;

Таяқтың екі ұшы бар екенін ескерер болсақ, пайдасынан бұрын зиян көп шығын әкелетінін ескерген жөн. Адамзат тарихындағы АЭС әкелген қос қасіреттен сабақ алған дұрыс.

Қазақстандағы АЭС қайда салынуы мүмкін?

Кеше ғана келіссөзден кейін АЭС салу мәселесі талқыға түсіп, тіпті салынуы мүмкін деген аймақ та белгілі болды. Атап айтқан кезде, Алматы облысындағы Үлкен ауылы таңдалып алынды.

Неге Алматы облысы?

1997 жылы аталмыш Үлкен ауылында АЭС салу туралы ұсыныс жасалған. Алайда жергілікті халықтың қарсылығымен бұл жүзеге аспаған. Араға бірнеше онжылдықты салып, қайтадан осы мәселеге келіп отырмыз. Одан бөлек Алматы облысы жалпы тыныш аймақ емес. Себебі, Алматы облысы жер сілкіну ошағы жағынан елдегі ең қауіпті аймақ. Егер Фукусимадағы жарылыстың жер сілкінісінен орын алғанын білсек, бұл қадамға баруға не себеп болды екен?

Бұл туралы Габриель Гарсиа Маркес пен Куросаваның арасындағы болған сұқбатқа мән берсек ( орыс тілінен аударған Тілек Ырысбек):

Куросава: Арқаңды аяздай қаритын соғыс пен қарулы қақытығыстың толықтай бастауы атом бомбасын тастаудан басталады. Сол соғыстың кесірінен, атом бомбасының энергиясын жасау мен пайдалану жүйесі қалыптасты. Ал мұнымен біз әлемді бақытты ете алмаймыз. Бұл еслаңдық.  

Гарсиа Маркес: Түсінемін. Ядролық энергия ол сөз жоқ зұлымдық күші, ал бұл Курсосваның басты тақырыбы. Мені алаңдататыны сен оны қолданудың қателігін өзіңше бөлек айыптайсың. Мені осы жағы алаңдатады.  Төкпен соқтырып өлтіретін орындықтың болғанына қарамастан адамдар үшін, төк былайша пайды емес пе ?

Куросава: Жалғыз бұл емес. Меніңше, атомдық энергия адам баласы ие бола алатын, оңай басқарылатын дүние емес. Мүлт кеткен бір қателіктің өзі, үлкен көлемді шарпып, оның толқындары жүздеген ұрпаққа зиян келтіруі мүмкін. Басқа бір қырынан қарайтын болсақ, мәселен қатты қайнаған судан, арндап қалмау үшін оны алдымен салқындатып алу керек. Ғасырларға жалғасып келе жатқан атом бомбасын жалғасты қайната беруді доғару керек.

Гарсиа Маркес: Белгілі бір дәрежеде Куросаваның фильмдері арқылы мен адамзатқа деген өз сенімімді сақтай аламын. Және менің білетінім, сен көптеген жазықсыз адамдар жапа шекккен бұл әділетсіз трагедияны сөз еткенде, Америка мен Жапония арасында бұл нәубетті ұмыттыру үшін өзара келісімдер жүргізгенін

алға тартасың. Бірақ,  болашақта, бейбіт заманда ол қолданысқа енуі мүмкін екен деп,  ядролық энергияны толықтай шектеп тұқымын тұзай ету меніңше, әділ байлам емес секілді. Мүмкін, бұл жапондықтардың бұл апатты ұмыт қалдыру үшін АҚШ-тың саналы түрде Жапонияға істеген әрекеттеріне кешірім сұрамағаны үшін наразылықтан туындаған дүрблең шығар.

Куросава: Бармақ басты көз қысты етуге болмайтын, пенде баласын адам ететін мына бір өмірде  анық-айқын бір нәрсе бар. Мен, Чернобылде пайда болған сегіз аяқты жылқыларды немесе үрпісі бітеу мүгедек бөпелерді біздің дүниеге акелуге қақымыз жоқ деп ойлаймын. Меніңше біздің әңгімеміз өте салмақты бола түскен секілді, мен бұны кемерінен бұлай асарам деп ойламап ем.

Адамзат баласы АЭС салу арқылы үлкен екі қателікті бастан кешті. Біз үшінші қателікті жасап жүрмесек болды. Табиғи апат ешкімді аямайды.