Bugin

Өскеменде көшеде иесіз итті сабаған адамға қандай жаза қолданылмақ?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Өскемен қаласында көшеде итті сабаған ер адам 30 күнге қамалуы мүмкін, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Оқиға қаладағы Бажов көшесінде болған. Дүкен маңында ер адам итті сабап жатты.

Мұны полиция қызметкерлері байқап қалып, оны дереу тоқтатқан.

Қала тұрғыны иттің баласын қауып ала жаздағандықтан осындай әрекетке барғанын түсіндірді.

"Аталған факті бойынша ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабына (жануарларға қатыгездік көрсету) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеуді Өскемен қаласының прокуратурасы өз бақылауына алды. Кінәлі адам заң шеңберінде жауапқа тартылады", - деп хабарлады қалалық прокуратурадан.

Осы бап бойынша 120 АЕК (414 000 теңге) көлемінде айыппұл салынып, сол мерзімге қоғамдық жұмысқа тартылу немесе 30 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.