ТӘРБИЕ

"Күннен қорғайды": Сіз білмейтін қазақтың әшекей бұйымдары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: topuch.com

Қазақта “Шебердің қолы алтын” деген сөз бар. Сөзге шебер, іске ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі - қолөнер. Ежелден бері ағаштан, темірден көз жауын алатын неше түрлі бұйымдар жасаған. Асыл тастардан арнайы дайындалған әшекей бұйымдардың ұмытылып бара жатқан атауын Bugin.kz порталы ұсынады. 

Тұмарша – сәндік үшін омырауға тағатын үшбұрышты, салпыншақты күміс бұйым. 

Мандайша – сәукеле секілді баскиім мандайына тағатын, көз орнатылған күміс бұйым.

Сақина – саусаққа салатын, әртүрлі үлгіде күмістен, алтыннан, т.б. металдан соғылатын бұйым. 

Танакөз – шар тәрізді күміске тастан көз орнатылған түйме тәрізді сәндік бұйым. 

Өңіржиек – салпыншақтар тағып, үзбелеп жалғаған, омырауға сән беретін, түрлі түсті тастардан көз орнатылған әсемдік алқалар тізбесі.

Үкіаяқ – үкі тұяғына ұқсатып, күмістен соғатын, төменгі жағына бірнеше салпыншақтар тағылған бұйым. 

Көз отаға – күміске орнатылған бармақтай асыл тас. Бас киімге, батырлар дулығасына қадалған. 

Кемер – белбеу негізі былғарыдан тігіліп, алтын, күміс әшекейлермен, өрнек-нақышпен бедерленген аса қымбат белбеу.

Қын – кемер белбеумен бірге тұратын, пышақ салынатын әшекейлі, былғары бұйым. 

Оқшантай – ішіне шағын зат салатын, кемер белбеуге өткізілген әшекейлі былғары қалта. 

Қапсырма – қамзолына тағылатын, түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым. 

Шекелік – сәукеле, тақия, т.б. баскиімге тағылатын бұйым. 

Шаштеңге – қыздардың өрілген шаш ұшына тағылатын, жібек бау өткізілген күміс бұйым.

Шолпы – шашқа тағатын, қымбат бағалы, сылдырмақты бұрым сәнін келтіретін, алтыннан, күмістен жасалатын бұйым. 

Шашбау – қыздар шашымен қоса өріліп, моншақты, зерлі күміс шынжырлы әсемдік бұйым. 

Шашқап – шашты күннен, шаң-тозаңнан қорғайтын, қымбат матадан жасалып, сырты түрлі моншақ жапсырмалармен безендірілген бұйым. 

Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрі болады.

 

Материал Сейіт Кенжеахметұлының “Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті” кітабынан алынды.