Bugin
Фото: pexels.com
"Қазгидромет" мамандары демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Синоптиктер мәліметінше, cенбі және жексенбі күндері Қазақстанда күн айтарлықтай салқындай бастайды.
"Республиканың синоптикалық жағдайын Солтүстік Атлантика циклоны мен Скандинавиялық антициклон қалыптастырып, әртүрлі фазаларда жауын-шашын тудырады және күндізгі күннің жылуы азаяды" , - делінген хабарламада.
Ал еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауып, таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласады.
Еліміздің солтүстігінде және орталығында түнде -0, -5 үсік жүреді, күндіз ауа температурасы +2-ден +12 градусқа дейін жоғарылайды. Ал дүйсенбіде термометр -3 пен + 5 градус аралығын көрсетеді. Республиканың батысында, оңтүстігінде және шығысында салыстырмалы түрде жылы күн райы сақталады", - делінген хабарламада.