Bugin
Фото: pexels.com
21 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды bugin.kz порталы Kazinform cайтына сілтеме жасап.
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 17 қазан, сейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Балқашта ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.