Weekend

Желілік маркетингті қалай түсініп жүрміз?

Желілік маркетингтің пайдасы мен зияны

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Желілік маркетинг тәуелсіз дистрибьюторлар желісін құруға негізделген тауарлармен қызметтерді ұсыну, сату тұжырымдамасы. Яғни белгілі бір топтардан құралған ортақ мүдделері мен мақсаттары бір бағытта тоғысқан адамдар тобы.Жалы желілік маркетинг дегеніміз бұл бір "қаржы пирамидасы" (бұл туралы толығырақ келесі мақаларымның бірінде айтып берермін) іспетті дүние.Екеуінің де негізгі стратегиялары мен мақсаттары жаңа тұтынушы мен жаңа салымшыны тарту,сол арқылы өз өнімін, тауарын сату және пайда табу болып саналады. Осы жайында сіздермен аз-маз білгеніммен бөлісейін.

Жалпы желілік маргетинг әлемнің бірқатар мемлекеттерінде тиым салынған кәсіп түрі. Атап айтқанда АҚШ, ҚХР, Корея сынды мемлекеттерде бұл бизнеске заңмен шектеу қойылған. Баршамызға айтпаса да түсінікті. Желілік маргетингтің халық арасына кеңінен таралған негізгі өнімдері косметика, опа-далап, иіссулар мен тұрмыстық химия, әшекейлер мен ыдыс-аяқ, тағысын тағы. Бұл өнімдерді көптеп өндіруші мемлекеттерде жоғарыда аталған мемлекет өкілдері, яғни бұл мемлекеттерде ішкі нарықта тиым салынған. Ал сыртқы нарық болса, осынау өнімге соншалықты зәру. Ал бұл өнімдерді сату жағы мүлде  бөлек әңгіме. Көпшілік  қаржы пирамдасы мен желілік маргетингті айыра алмай дал болып жатады. Ал желілік маркетинг қазір кең қолданыста. Екеуі екі бөлек ұғым негізінен. Қаржы пирамидасы дегеніміз – адамдарды алдауға, арбауға құрылған бизнес түрі. Мамандардың айтуынша желілі маркетингтік компанияларла кадрлық резервте негізінен өзінің мүмкіндіктерін толық аша алмаған, өздерін толыққанды қоғам мүшесі санай алмайтын, қоғамнан тыс қалған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен қыз-келіншектер, студеннтер мен зейнеткерлер құрайды екен. Бұл бизнес түріне қатты қызығатын да қаржылық сауаты аз, бизнестен хабары жоқ адамдар екені айтпаса да түсінікті.

Жалпы желілік маркетингтік компаниялар қалай жұмыс істейді?

Бұл бірнеше кезеңнен тұратын күрделі процесс. Ол процесс төмендегідей: әуелі бір цехта, фабрикада қандай да бір өнім шығарады. Мәселен, кір жуатын ұнтақ, тауардың өзіндік құны (шикізат, цех арендасы, жұмысшылар айлығы, өндірістік шығындар,налог т.б.)=22$. Ол ел асып,жер асып,шөл жүріп,көл жүріп қандай да бір жолдармен мемлекет аумағына енді.Осы жерден біздің агенттер тауарлы қабылдап алды, олардың қолына тауар 27$ тиді делік. Бұл тауарды сатып, пайда табу үшін египет пирамидасының ұшар басында отырған бір бриллиант директор өзінің қосалқы агенттерін жұмсайды. Ол агантке тауарды 28$ бағалап сатады, ол агент өзінің облыстағы агентіне, облыстағы агент аудандағы агентіне келіп жетеді. Сөйтіп ең төменгі агентке жеткенде тауардың құны 35$ бір-ақ барады. Ал осы жерде жарнаманың көкесі. Әлгі агент өзінің танысына, туысына, сыныптасына соған ұқсас тауардың ең осал, әлсіз тұстарын айтып әуелі сендіреді. Содан тауарды алуға үгіттейді, тіпті қарызға да. Ал тұтынушыға 38-40$ бағаланған өнім әлгі кісінің сөресіне қалай келіп жеткенін сатып алған адам да байқамай қалады. Материалды құндылық тұрған жерде бұл агенттер отандық жарнама контенттерімен жарнама жасайтын медиа ұйымдарды да артта қалдырады. Әрине, желілік маркетинг компаиялардың бәрі осылай алаяқтық жасаудан тұрады деп айтудан аулақпыз. Иә, расында өз өнімдерін жақсы жағынан жарнамалап көрсетіп, танылып жатқан компаниялар да бар. Мәселен, елімізде 2010 жылы шетеллік "Oriflame" ,"Avon", "Mary Kay" сынды компаниялар өз қауымдастығын құрды. Бұл қауымдастықтың "тұтынушы-сатушы-өндіруші" деген концепциясы құрылғандығы да айтылған-ды. Бұл принцптер нарықта әділ бәсекелестік туғызып, сауда жасауда солақай әдістерге жол бермеу керектігі де назардан тыс қалмау керектігі де айтылған.

Жалпы бүкіл әлем бойынша желілік маркетинг саласындағы айналым капиталы 150-200 млрд. долларға тең. Ал Қазақстанда 2014 жылғы ресми дерек бойынша 50-ге жуық желілік маркетингтік компаниялар болса, бүгінде олардың саны жүзден асып жығылады. Бұл елдің экономикасы мен әлеуетіне зиянын тигізбесе пайда алып келмейтіні түсінікті. Сондай-ақ бұл тауарлардың 90%-ы елге заңсыз, контрабандалық жолмен келіп жатқанын бір кездері (2016 жылдары) және желілік маргетингке елімізде заңмен тыйым салу керектігі туындап отырғанын мәжілісмен Жамбыл Ахметбектің мәлімдемесі мен сол кездегі премьер министр Кәрім Мәсімовтың атына сауал жолдағаны әлі есімізде.

Алаңдатып отырғаны желілік маргетигке желігіп, оңай жолмен пайда табам деушілер қатары күн санап артып, жарнамасы жер жарып, жаңа құрбандарын тартып жатқаны. Бұл бизнес түрін реттейтін бірде-бір заңның жоқтығы, болса да қауқарсыз. Ал желілік маркетингпен айналысам деушілерге неге отандық өнімді жарнамаламасқа, неге өз өнімдерімізді өзіміз брендке айналдырмасқа?! Мәселен, өзіміздің әшекей бұйымдарымызды, қол өнер туындыларымызды,ұлттық құндылықтарымызды неге жарнама жасамасқа?!

Бір нәрсені есте сақтау қажет: тегін ірімшік қақпанда ғана болады.