Bugin

Хамас әскері кепілге алған екі израильдік әйелді босатты: олар туралы не белгілі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дерек көзінен

Нурит Купер и Йохавед Лифшиц

Хамас лаңкестік қозғалысының өкілдері қазанның 7-сі күні Израильге шабуылдан кейін Газа секторында тұтқынға алынған екі әйелді босатты деп хабарлайды Bugin.kz порталы The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

Әңгіме Киббутц Нир Оз қаласында тұратын Израиль азаматтары, 79 жастағы Нурит Купер және 85 жастағы Йохавед Лифшиц туралы. Олардың күйеулері Газада кепілдікте отыр. Хамас содырларының хабарлауынша, әйелдер Мысыр мен Катардың арашалауымен босатылған. Израильдік әйелдер Газа секторының Мысырмен шекарасындағы Рафах шекара аймағына жеткізіліп, Қызыл Крест қызметкерлеріне тапсырылды.

Еске салайық, 7 қазанда ХАМАС Израильге шабуыл жасады. Лаңкестер Газа секторымен шекаралас Израиль қауымдастығына кіріп, жүздеген тұрғынды өлтіріп, адамдарды кепілге алды. Бұған жауап ретінде Израиль Газа секторына соққы беріп, қарсы шабуылға дайындалып жатыр.

23 қазандағы мәлімет бойынша, ХАМАС шабуылы салдарынан Израильде 1400-ге жуық адам қаза тауып, тағы 222 адам кепілге алынған. Палестина билігі екі апта ішінде Газа секторындағы шабуылдардан 4000-нан астам адам қаза тапты деп мәлімдейді.

ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР:

Газада Қазақстан азаматы қызымен қаза тапты 

Ердоған Израильдің Газа секторындағы әрекеттер туралы мәлімдеме жасады