Bugin

Қазақстандағы орташа айлық 322 мың теңгеге жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

2023 жылы Қазақстанда қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 322 мың 845 теңгені құрады. Ерлердікі – 361 мың 481 теңге, әйелдердікі – 285 мың 744 теңге. Мұндай мәліметтерді еліміздің Ұлттық статистикалық бюросы жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстанда барлығы 3 миллион 437 мың қызметкер бар.

Ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау облысында – 530 мың теңгеден аса. Екінші орында Маңғыстау облысы (469 мың теңге), үшінші орында Ұлытау облысы (445 мың теңгеге жуық). Солтүстік Қазақстан облысында ең төменгі жалақы 227 мың теңге.

"Ресми деректерге сәйкес,  экономика бойынша ағымдағы жылы қызметкерлердің орташа айлық  жалақысы білім деңгейі бойынша келесідей бөлінді: орта білім – 230 мың 841 теңге, жоғары білім – 398 мың 214 теңге, жоғары оқу орнынан кейінгі білім - 505 170 теңге", - делінген мәлімдемеде.