МӘДЕНИЕТ

Қазақтар қолданған құрал-сайман түрлері

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz / Томирис Мұхамеджан

Қазақтар ертеде ағаштан, темірден күнделікті қолданыстағы бұйымдар жасап, қолөнермен айналысқан. Bugin.kz тілшісі сол кезде қолданған түрлі құрал-сайман атауына тоқталады.

Сүргі - терінің етін алатып, ағашты тегістеп өңдейтін құрал.

Кескір - темір кесетін құрал.

Көрік - ұстаның шоқ үрлейтін құралы.

Қышқаш - өңделетін, жасалатын затты тістеп тұратын құрал.

Кемпірауыз - қышқаштың бір түрі, ұста құралы.

ҚР Ұлттық кітапханасы

ҚР Ұлттық кітапханасы
Ұста құралдары. Фото: ҚР Ұлттық кітапханасы
 

Тез - мор, обын, қоздан жұмсарып шыққан үй ағашын түзететін немесе иетін үйші құралы.

Талқы - кепкен теріні, көңді, сіріні, ұйысқан жүнді жұмсартатын ағаштан жасалған құрал.

Үскі - көк өткізу үшін кереге тесетін құрал.

ҚР Ұлттық кітапханасы

ҚР Ұлттық кітапханасы
Сарнауық. Фото: ҚР Ұлттық кітапханас

Сарнауық - керегеге сызық салатын темір аспап.

Шот - ағаш шабатын құрал.

Қашау - темірден жасалған ағаш оятын құрал.

Қазиек - соғатын, қыздыратын темірді ұстайтын құралы.

Қуысқұлақ - жүзі қуыс ағаш оятын құрал.

Қалып - ағаштан жасалған аяқ үлгісі, етікші құралы.

ҚР Ұлттық кітапханасы

ҚР Ұлттық кітапханасы
Үскі. Фото: ҚР Ұлттық кітапханасы

Нәскүрік - ағашты тегістеп, жонатын құрал.

Деректер Сейіт Кенжеахметұлының “Қазақ халқының тұрмысы

мен мәдениеті” кітабынан алынды