Bugin
Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Жамбыл облысында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтем жасап.
Шенеунік бұрын сотталған. 2021 жылы прокурорлар оның мемлекеттік сатып алу саласындағы кәсіпкерлерге кепілдік жарналарды қайтармағанын анықтаған. Содан кейін аудандық соттың үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабымен кінәлі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
Оны тергеу изоляторынан колонияға жөнелтуге үлгермей жатып, прокурорлар жаңа қылмыстық іс қозғау үшін тағы бір фактіні анықтады.
"Т.Рысқұлов ауданының прокуратурасы 2014-2016 жылдар аралығындағы бюджеттік қаражаттың жұмсалуына және депозитарийдің ұйымдастырылуына қатысты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметін тексеру барысында ұрлық фактісін анықтады", - деп хабарлады қадағалау органы.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.
Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіндегі сот үкімімен бөлім басшысы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 58-бабы бойыншажеті жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.