Bugin
Фото: "АрселорМиттал Темиртау" баспасөз қызметі
Мәжілісте АрселорМиттал жылына қанша қаражат табатыны талқыланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Осындай жазатайым оқиғалардың барлығы компанияның осы жылдар бойы, шын мәнінде, қазақстандық кеншілердің маңдай тер мен адал еңбегінің арқасында ақша тапқанын көрсетуде. Өйткені АрселорМиттал бәрінен дерлік үнемдеген. Соңғы төрт жылдағы ресми мәліметтер бойынша - бұл компания жылына 200 миллиард теңгеден астам табыс тауып отырған, оның басым бөлігін шетелге шығарған. Жасалған ескертулерге, өнеркәсіптік қауіпсіздікке инвестиция салу, көмір өндіруді кеңейту, барлық өндірісті жаңғырту туралы келіссөздер жүргізуге әрекет жасалғанына қарамастан, компания еш келісімге келмеген. Нәтижесінде, осы жылдың өзінде екі апаттық жағдай орын алды, компанияның елде жұмыс істеген бүкіл кезеңінде жүздеген қазақстандық қаза тапты. Мыңдаған адам денсаулығынан айрылып, мүгедек болып қалды", - дейді Арман Халықов.
Оның сөзінше, қазіргі жағдайда президент бірден-бір дұрыс шешім қабылдаған. Ол – "Арселормитталмен" ынтымақтастықты тоқтату.
"Біз адамдардың қандай күй кешіп жатқанын біліп отырмыз. Өкінішке орай, егер шетелдік инвестор кетсе, онда барлық өндіріс тоқтайды деген 90-шы жылдары болған қорқыныш бізде әлі де бар. Мүлде олай емес. Біз кәсіпорынның жеткілікті ақша таба алатынын көріп отырмыз. Көмір өнеркәсібінде 30 жылдық тәжірибесі бар қызметкер ретінде қарағандылықтарды сабырлыққа шақырғым келеді. Бізде осы жылдар ішінде тікелей инвестор бола алатын, әлеуметтік жауаптылығы бар кәсіпкерлер саны жеткілікті дәрежеде өсті. Осы трагедиядан кейін басқаша болуы мүмкін емес. Біз осы кәсіпорынды өз бетінше дамыту үшін өзіміздің кәсіби кадрларымыз жеткілікті деп санаймыз", - дейді ол
Арман Қалықов Қарағанды көмір бассейні мен болат балқыту комбинатының стратегиялық объектілер екенін түсінетінін, он мыңдаған адамдарымыздың тағдыры солармен байланысты. Қарағанды, Теміртау, Шахтинск және Рудный қалаларын ешкім тастап кетпейтінін атап өтті. Алдағы уақытта әрбір жұмыскердің өнеркәсіптік қауіпсіздігі мен еңбегін қорғауға ерекше назар аударылатынын жеткізді. Бұл қарапайым жұмысшылардың жағдайын жақсартуы керек, олар шахтаға соңғы рет деп түспеуі керек. Кеншілер мен олардың отбасылары ертеңгі күнге сеніммен қарауы керек деп атап өтті.
"Ол үшін біз, депутаттар, әрбір жұмысшының еңбегін қорғау жөніндегі Заңға маңызды түзетулер әзірлеп, Үкіметке жібердік. Заң жобасында өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекциясы және еңбек инспекциясы тұрғысынан мемлекеттік бақылауды күшейту ұсынылады. Өздеріңіз білетіндей, қазақстандықтардың қауіпсіздігі, олардың еңбек құқықтарын қорғау артта қалып отыр. Бүгінде елімізде өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 260 мемлекеттік инспектор ғана бар. Бұл жеткіліксіз екені айдан анық. Үкімет өндірістегі жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылау функцияларын күшейту туралы ойлануы керек", - дейді ол.