Bugin
Фото: Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі
Түркі мемлекеттерінің президенттері Астанаға келді. Олардың барлыған әуежайдан Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов күтіп алды. Бұл туралы bugin.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Көшбасшылар бүгін, 3 қарашада өтетін Түркі Мемлекеттері Ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысу үшін жиналды.
Оған Түркі Мемлекеттерінің Ұйымына мүше мемлекеттер – Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер – Венгрия мен Түркіменстанның басшылары қатысады.