Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: pexels.com
Алматы облысында алпыс жастағы ер адам жеті жасар баланы зорлаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазір бала ауруханада жатыр. Ата-аналардың айтуынша, бұған дейін де зорлық-зомбылық әрекеті болған, бірақ жергілікті тәртіп сақшылары ешқандай шара қолданбаған.
Полицияның хабарлауынша, 60 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Аталған дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 121 бабының (“Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері”) 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. Жедел іздестіру іс-шаралары бойынша полиция қызметкерлері 1963 жылғы М. есімді күдікті азаматты анықтап, қолға түсірді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық тергеуде оның толықтылығын, жан-жақтылығын және обьективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптамалық тексерулер тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жасалуда. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201 бабы (“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу”) шеңберінде жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61