Bugin

Ақтөбеде жалпы құны 65 млн теңге болатын мал жоғалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Ақтөбе полицейлері ауыл тұрғынына құны 65 млн теңге болатын жоғалған малын тауып берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың 31 қазанында Қарғалы ауданының полиция бөліміне 76 жастағы ауыл тұрғынынан 130 бас жылқының жоғалғаны туралы арыз келіп түсті. Жәбірленуші залалдың жалпы сомасын 65 млн теңгеге бағалады. Жәбірленушінің арызы тіркеліп, залал көлемінің аса ірі екенін ескере отырып, ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмысты ашу және жоғалған жылқыларды іздеу үшін полиция қызметкерлері жедел шаралар қабылдады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тәртіп сақшылары Қарғалы ауданында ғана емес, облыстың көрші аудандарында да іздестіру шараларын жүзеге асырды. Үш тәулік ішінде бес көлікпен 15 полиция қызметкері малды іздеуге жұмылдырылды.