Bugin

Израиль АҚШ-қа қатысты күтпеген мәлімдеме жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Israel Defense Forces/Reuters

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Вашингтонға Газа секторындағы соғыс қимылдарын тоқтатудан бас тартты. Бұл туралы bugin.kz тілшісі gazeta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жақында Тель-Авивке барған (АҚШ) президенті Джо Байден мен Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкеннің бомбалауды "кідірту" туралы өтінішіінен премьер-министр Нетаньяху мен Израильдің әскери басшылығы лезде бас тартты", - деп хабарлайды Пулитцер сыйлығының иегері Сеймур Херш ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ол Израиль тек қаруды қайта зарядтау үшін атқылау үзілістеріне рұқсат беретінін атап өтті. Бұған дейін Херш Израильдің ХАМАС туннельдерін су басуды қарастырып жатқанын жазған.

Израильдің мақсаты – ХАМАС-ты  жою деп айтылуда . Дегенмен бейбіт тұрғындар көбірек зардап шегіп, мерт болуда.