Bugin

Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Pexels

Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

6 қарашада Алматы - Екатеринбург тас жолында Volkswagen жеңіл автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасап жатыр, деді Қарағанды облысының Полиция департаменті командирі Бекзат Сауленбаев.