Bugin

Қазақстандағы мұғалім оқушыны зорлаған жағдайлар (хронология)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Иллюстративное фото:elements.envato.com

Мектеп – балалардың қауіпсіз сезінетін орны. Мектептегі баланы ата-ана да көп уайымдамайды. Соңғы жылдары елімізде мектеп аумағында, әжетханада оқушылардың зорлану оқиғасы жиілеп кетті. Bugin.kz тілшісі оқиғаны саралап соңғы жылдардағы мұғалімнің тарапынан зорланған оқушылардың оқиғасына шолу жасайды.

Көкшетауда 2011 жылы Дене тәрбиесінің мұғалімі 11 жастағы оқушы қызды зорлады деп айыпталған. Ауыр қылмыстың беті жеткіншектің жүкті екені анықталғанда әшкереленіпті.

4-сынып оқушысы дене тәрбиесі мұғалімінің бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегенін айтып отыр. Педофил арам ойын соңғы рет желтоқсан айында іске асырыпты. Бірақ мектеп басшылығы бұл "мүмкін емес" дейді. Өйткені 26 жастағы жігіт жұмыстан былтыр шыққан көрінеді. 

Әрі қарай 12 жастағы қызға аборт жасалып, генетикалық сараптама жасалады. Нәтижесінде мұғалімнен барлық айыптау алынады. Себебі шарана мен 26 жастағы мұғалім арасында туыстық байланыс анықталмайды.                                                  

***

Алматы облысының Үштөбе қаласында 2020 жылдың қыркүйек айында шу шықты. Екі дене шынықтыру пәні оқытушысы тұтқындалған. Мұғалімдер 16 жастағы оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінген. Облыстық полиция таратқан деректерге қарағанда, мұғалімдер мектеп оқушысын ғана емес, колледж студентіне де зорлық көрсеткен көрінеді. Зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілген. Екі айыпталушы да отбасылы болған. Сот үкіміне байланысты деректер ашық дереккөздерден табылмады.

***

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 2022 жылы мектеп мұғалімі 9-сынып оқушысын зорлады деп айыпталды. Сорақысы сол, бұл оқиға мектеп қабырғасында болған.

24 жастағы информатика мұғаліміне 9-сынып оқып жүрген оқушысымен бір емес, бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деген айып тағылды. Ол Қылмыстық кодекстің 122-бабының 3-бөлігі, 1- тармағымен (16 жасқа толмаған адаммен бірнеше рет жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекет жасау) кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен педагогке екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар оған өмір бойына педагогикалық лауазымдарды атқаруға және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынды.

Біз осыған дейін Жетісу облысындағы14 жастағы оқушыны зорлады деп күдіктелген мұғалімнің іздестіріліп жатқанын, қалай ұсталғанын жазған едік.