Bugin
Фото: pexels.com
Алаяқтар WhatsApp желісі арқылы алдауға көшті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Таратылған хабарламада бар болғаны телефон арқылы сөйлесу керек, оған арнайы тәжірибенің керегі жоқ делінген.
Сондай-ақ мәтінде бос орынға қосылуға шақыратын сілтеме де көрсетілген.
Сілтеме пайдаланушыларды WhatsApp мессенджерінің чатына бағыттайды, онда сұхбаттасушы өзін Уилсон және Сонс деп таныстырады.
Мұндай жұмыс ұсыныстарына сену тәуекелге әкеледі. Өйткені мұндай жарнамалар көбінесе жалған және алаяқтық болып табылады.
Бірақ компаниялардың ресми сайттары мен олардың әлеуметтік желідегі парақшаларында Қазақстанда қашықтан жұмыс істеуге қызметкерлер жинап жатқаны туралы айтылмаған.