Bugin
Фото: pexels.com
Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында салынып жатқан көлік туннелі опырылып, үйінді астында кем дегенде 36 жұмысшы қалып қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.
"Туннельде 36 адам қалып қойды, оларды құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен Төтенше жағдайларға қарсы әрекет ету ұлттық күштерінің тобы жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады арна.
Аудандық полиция бөлімшесінің басшысы Арпана Ядуваншаның айтуынша, туннель тауда салынып жатқан. Құрылыс басталғаннан кейін жұмысшылар 200 метрге ілгерілеген кезде опырылып кеткен.
Апат кезінде туннельдегілердің барлығы тірі болғаны атап өтілді. Оларды үйінді астынан алып шығуға екі-үш күн кетуі мүмкін.