Bugin
Фото: depositphotos.com
Қант диабеті тәттілерді көп тұтынуды азайтумен шектелмейді. Ауру жүрек пен қан тамырларына әсер етеді. Қант диабетімен ауыратындар инфаркт пен инсультке жиі ұшырайды. Адамдардың қант диабетіне шалдықтыратын әдеттері бар. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі doctorpiter.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Халықаралық қант диабеті федерациясының мәліметі бойынша, 2030 жылға қарай әлемде қант диабетімен ауыратындар саны 578 миллионға жетеді", - дейді эндокринолог Юлия Ивченко ресми статистикаға сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, 1 типті және 2 типті қант диабеті кез келген жаста дами алады.
"Өкінішке қарай, зерттеулерге сәйкес, қант диабеті айтарлықтай жасарған. Қазір 18 бен 34 жас аралығындағы 2 типті қант диабетіне шалдыққандар саны өсуде. Бұл негізінен осы жас тобындағы семіздік деңгейінің артуына байланысты", - дейді дәрігер.
Бұл ретте дәрігер тәттіқұмарлар бірінші кезекте ауруға шалдығады деген халық пікірін жоққа шығарды.
"Тәтті сүйердің бәрі бірдей қант диабетіне шалдығады деген ойдың қажеті жоқ. Бірінші кезекте тәттілерді қалай тұтынуды бақылауда ұстау маңызды", - дейді Юлия Ивченко.
Дәрігердің айтуынша, ең бастысы – сау дене салмағын сақтау. Семіздік себебінен екінші типті қант диабетіне шалдығатындар көп. Дене салмағының индексін 18,5-24,9 диапазонынан асырмаған жөн.
Екінші типті қант диабетіне әкелетін үш әдет:
Біріншіден, артық тамақтану (жоғары калория, көмірсулар көп).
Екіншіден, көп отырып істелетін офистік жұмыста креслодан ажырамай отыру (аптасына кемінде 150 минут орташа немесе 75 минут қарқынды физикалық белсенділік қажет).
Үшіншіден, алкогольді көп тұтыну.
"Бірінші типті қант диабетінің дамуында тұқым қуалаушылық ең үлкен рөл атқарады. Қант диабетінің бұл түрі өз инсулинінің абсолютті тапшылығы бар аутоиммунды ауру болып саналады", - дейді сарапшы.
Қант диабетіне шалдыққан адамда мына белгілер кездеседі:
шөлдеу;
ауыздың құрғауы;
жиі зәр шығару;
әлсіздік;
жиі шаршау;
көру қабілетінің бұзылуы;
аяқтың ұюы және шаншуы;
ұзақ мерзімді инфекциялар. Егер адам ұзақ уақыт бойы және жиі ЖРВИ-мен ауырса, қандағы қантты тексеру керек.