Bugin

Алматыда BBM қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Өзгер" бизнес форумы өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: BBM қоғамдық қорының баспасөз қызметі

26 қарашада Алматы қаласы, "Қазақстан" қонақүйінде қазақша форматтағы "Өзгер" бизнес форумы өтеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ұйымдастырушы - BBM қоғамдық қоры. Түскен қаржының жартысы осы қоғамдық қорға кетеді. Ауқымды форум мектепке жағдайы төмен, жетім балаларды тегін оқыту мақсатында өткізіліп жатыр. 

Іс-шарада отбасылық құндылық, ақша психологиясы, мақсаттарға жетудің стратегиялары, нөлден кәсіп бастау, табысты арттыру, минустан шығу, кәсіпті жүйелеу, қаржы сауаты және басқа да тақырыптар қозғалады. 

Форум спикерлері: Дулат Тастекей, Омар Жалел, Мұрат Төлеген, Азамат Скаков, Бек Жолдыбай, Дархан Даутбаев, Дидар Махсутов, Томирис Серікқызы. Жүргізуші - Мақсат Рахмет.  

Форумда "Алашұлы" тобы өнер көрсетеді. 

Форумға қатысу үшін + 7 700 698 98 85 нөмеріне хабарласыңыздар.

Сайт: http://ozgerforum.tilda.ws 

Әлеуметтік желідегі парақшамыз: https://instagram.com/ozger_business_forum