Bugin

Салтанат Нүкенова көз жұмған мекеме басшылығы күтпеген мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Инстаграм желісінен алынды

Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова көз жұмған «Гастро орталық» өкілдері мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Орталық көз жұмған Салтанат Нүкенованың отбасына қайғыра көңіл айтады.

"Болған жайт біздің де жанымызға батып, қабырғамызды қайыстырып отыр. Қазіргі таңда Гастроцентр басшылығы мен қызметкерлері тергеу жұмыстарына көмек беру үшін бар күш-жігерін салуда", делінген хабарламада.

Сонымен қатар "Гастроцентрде" бірнеше өзгеріс болғаны туралы да айтлыған.

"Біз қоғамның наразылығын толық қолдаймыз: зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды. Осы жағдайға байланысты заң аясында бекітілген біз бірқатар шешімдер қабылдадық:
- Құрылтайшылардың шешімімен бірауыздан «BAU» мейрамханасының иелерімен жалға беру шарты бұзылды;
- Гастроцентрге жаңа директор тағайындалды;
- "Гастроцентрді" күзету қызметі бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтіледі: қауіпсіздік қызметін көрсететін ұйымдармен келіссөздер жүргізілуде", деп хабарлайды орталық өкілдері.

ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Жігіт үйленбес бұрын не істемеу керек? Маманнан маңызды кеңес

"1 доллар – 4, 75 теңге": Төл теңге 30 жылда қалай өзгерді?