Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Павлодар облысы ПД
Әлеуметтік желілерде Павлодар облысында 7 жасар қыздың өлімінің мән-жайын сипаттайтын полиция департаментінің хабарламасының суреті пайда болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Кешкі сағат 18:00 шамасында Екібастұз қаласында қыздың мәйіті табылды. Марқұм Бесқауға ауылындағы орта мектептің 3-сыныбында оқыған. Мамандардың айтуынша, денедедегі бас жарақаты өлімге себеп болған.
Қазіргі уақытта күдікті ретінде қыздың 1988 жылы туған анасы мен бұрын сотталған 1971 жылы туған малшы ұсталды.
Жедел-тергеу тобы анасының қызын соққыға жыққанын анықтады. Анасының өтініші бойынша малшы қыздың денесін алып шығып, су қоймасының жанына жасырған.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.