Bugin

Елімізге қашан қар жауатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com/ru

Синоптиктер Қазақстанда 21-23 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Болжам бойынша, алдағы үш күнде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады. 22 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша желдің жылдамдығы секундына 15-28 метрге жетеді, солтүстік бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады.

"Кезеңнің соңына қарай республиканың батысында ауа температурасы 2-12 градус аязға дейін төмендейді. Республиканың шығысында түнде ауа температурасы 8-13 градус аяздан 0-5 градусқа дейін көтеріледі деп күтіліп отыр. Қазақстанның қалған бөлігінде температура бірқалыпты болады", - делінген хабарламада.