Weekend

Жыртқыш

Авторы: Бедредтинова Елена

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Ақтық күшін сарып етіп бір көкжал,

Аранынан қашып барад(ы) ажалдың.


Біледі ол құтылмасын бүгін дәл,
Құрығынан адам деген тажалдың.



Осы сәтте жүз шақырым алыстан,
Бір у шуда айтылды үкім: «көзін құрт».
Төртінші рет жарылардай намыстан,
Кішікентай қыз жасағалы тұр аборт.



Шаранасы жылап жатты зарланып,
«тоқта анашым, өлтірмеші мені» - деп.
«мүмкіндік бер қызмет етем жан салып» - 
Деген сөзін кімдер кәне естімек???



Иттер үред(і) қашып барад сол көкжал,
Ес түссіз мас, адамдар жүр айқайлап.
Жетіп қалды, жетіп қалды бұл ажал,
Енді алады тәтті жанын жай жайлап...



Жылауда әлі жас шарана тумаған,
Темір қысқаш шығарып тұр ажал үн.
Арман болды, арман оған бұл ғалам,
Көру еді арманы ана жанарын.



Анасына болды іштегі пәлекет,
Жасырмаққой күнәсінің жемісін.
Әкесіде деді емес пе әрі әкет,
«Алып таста, тынысымыз кеңісін»...



Әл дәрмен жоқ, көкжал сонда құлады,
Ажалменен арасы оның бір адым.
Бірақ алыс, алыс қалды тұрағы,
Аман сақтап қалды көкжал ұрпағын.



Ұрғашы мен бөлтіріктер ұяда,
Ажал құшқан көкжал бірақ бақытты.
Енді оны өлді деуге сыя ма,
Жыртқыштарға адамдықты танытты.



Сонда жыртқыш кім болды бұл ғасырда,
Кетер емес осы сұрақ санамнан.
Адамдық бар кей жыртқышта расында,
Жыртқыш жоқ-ау өткен бірақ адамнан...


Аударған:  Ерболат Таласбай