Bugin
Фото: Мақпал Жүнісованың инстаграм парақшасынан алынды
Өнер жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбековті еске алып, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz.
"Ақжол Мейірбеков ағаның шаңырағындағы соңғы кездесу деп кім ойлаған, иә, бәріміз де бұл өмірде қонақпыз, қашан көрсең жайдарлы, қалжыңы да ерекше жан еді, қазақ әншісі ретінде де өз тыңдармандарының алғысын алды, үш жылдан бері Құдалар болып талай бас қосып сыйластығымыз жарасымды еді, отбасыңыз жақсы болды, Шарипа жеңгемізге адал болдыңыз, немере, шөбере сүйдіңіз, үй салып, ағаш ектіңіз. Артыңызда қалған жарыңызға, ұрпағыңызға ғұмыр берсін, иманыңыз саламат болсын, барар жеріңіз жұмақтан болсын", - деп жазған ол.
Еске салайық, 25 қарашада "Дос-Мұқасан" ансамблінің солисі Ақжол Мейірбеков өмірден өтті.