Bugin

"Туысқандардың бір-біріне беріп жібергені": елімізде мектеп табалдырығын аттамаған балалар саны анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Елімізде өмірінде мектеп партасына отырмаған «маугли» балалар бар. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сенатта отбасыда туындайтын дауларды талқылауға жиналған құзырлы орган өкілдері елде балабақша немесе мектепке бармаған балалар бар екенін айтты. Шалғай аймақтарды қойғанда, мұндай жаға ұстатарлық жағдайлар ірі мегаполистерде жиі тіркелетін болған. Бас прокуратураның дерегінше, көбіне ішімдікке, я есірткіге тәуелді ата-аналар баласын осындай деңгейге жеткізеді.

Самат Самет, ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүддені қорғау қызметі бастығының орынбасары:

"Мыңға жуық балаға еш әлеуметтік мәртебе берілмегені анықталды. Бұл іске прокурорлар араласып, әрқайсысы қайда оқитыны, қай балабақшаға барғаны анықталып, жұмыс жүргізіліп жатыр. Бағдарламаны зерделегенде туысқандардың бір-біріне беріп жібергені, өмірі балабақшаға, оқуға бармаған балалар анықталды",-деп мәлімдеді.