Bugin

Елімізде -42 градусқа дейін аяз болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Елімізге суық солтүстік-батыс антициклонының кіреді. Сондықтан республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарында ғана жауын-шашын сақталады (жаңбыр мен қар аралас болуы мүмкін).

Батыста түнде ауа температурасы 10-20 градусқа дейін аяз күтіледі. Солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38градусқа дейін  аяз болады.  Еліміздің ең шеткі солтүстік аймағында 42 градусқа дейін, республиканың орталығы мен шығысында 42 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді. Қазақстанның оңтүстік облыстарында 5-13 градус аяз. Республика бойынша тұман түсіп, елдің оңтүстік жартысында жел күшейеді.

Осыған дейін желтоқсан айында ауа-райы қандай болатыны туралы жазған едік. Биыл елімізде қыс қалай өтетінін хабарлаған едік.