Bugin
Фото: pexels.com
Депутат министрдің орынбасарының сөйлеген сөзіне шүйлікті, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан мен қатар үкіметі арасында инвестицияларды қорғау туралы заң жобасын талқылау барысында депутаттар министрдің міндетін атқарушыдан заңдағы сөздің мағынасын сұрады.
"AMANAT" фракциясының жетекшісі, депутат Елнұр Бейсенбаев отырыста заң жобасындағы аударманың мағынасын сұрады.
"Сіз өз баяндамаңызда жақсы бір терминді келтірдіңіз. Біз мұндайды бірінші рет естідік: "Қолшатырлық сипатқа ие". Ол қандай термин? Дипломатиялық тілде түсіндіріп беріңізші", - деді Бейсенбаев.
Сыртқы істер министрінің орынбасары (қазір міндетін атқарушы – авт) Назира Нұрбаева бұл сұраққа жауап берді.
"Бұл - құқықтық термин. Оның мағынасы "рамочный" яғни жалпы негіздері беріледі. "Детализированный" дейді ғой. Екі жақты жобаға келсек "условие" дейді ғой. Олар басқа келісімге келуі мүмкін. Бұл жалпы негізбен қағидаларды бағыттайтын келісім", - деді Нұрбаева.