Bugin
Фото: NASA-ның TESS телескопы арқылы жаңа планеталар ашылды. BBC
Астрономдар Жерден 100 жарық жыл қашықтықта "ерекше күн жүйесін" тапты. Оның біздің Күн жүйесінен айырмашылығы аспан денелері арасындағы қатты соқтығыстарсыз пайда болған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі BBC сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Зерттеу нәтижесінде бұл жүйеде барлық планеталар шамамен бірдей көлемде екені анықталды. Бұл Күн жүйесі 12 миллиард жыл ішінде аз ғана өзгерген.
Ғалымдарға бұл – нағыз олжа. Өйткені планеталардың таза көрінісі бұл әлемдердің қалай пайда болғанын және онда өмір бар-жоғын білуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері Nature ғылыми журналында жарияланды.
Біздің күн жүйесі көптеген қиындықпен қалыптасқан. Планеталар пайда болған кезде, бір-бірімен соқтығысып олардың орбиталары өзгерген.
Бірақ HD110067 атауы бар жүйеде бәрі басқаша. Ондағы планеталардың өлшемдері бірдей. Біздің Күн жүйесінен айырмашылығы, онда орбиталар бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ.
Зерттеудің жетекшісі, Чикаго университетінің докторы Рафаэль Люк HD110067-ні "ерекше күн жүйесі" деп атағаны таңқаларлық емес.
"Бұл планетаның пайда болуын зерттеу өте қолайлы. Өйткені күн жүйесінің шығу тегі біздікінен гөрі хаотикалық сипатта. Басынан бері бұзылмаған", - деп түсіндіреді ол.