Bugin

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Никита Басов, ҚФФ баспасөз қызметі

Астанада Қазақстан мен Нидерланды құрамалары арасындағы 2024 жылғы футзалдан әлем чемпионатына іріктеудің элиталық раундтық матчы аяқталды. Бұл туралы  Bugin.kz тілшісі Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу алаң иесінің жеңісімен аяқталды, есеп 2:0. Голды Біржан Оразов пен Дуглас соқты.

Бұл нәтиже Кака командасына 2024 жылдың қыркүйек-қазан айларында Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына ертерек жолдама алуына мүмкіндік берді.

Матч Астанадағы "Жекпе-Жек Арена" сарайында өтті.

Осыған дейін, Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатында жеңіске жеткенін хабарлаған едік.