Bugin
Фото: pexels.com
Ауруханаға ауырып барған үш бала жұмбақ жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға Жетісу облысында болған.
Дәрігерлер нәрестенің қандай дертке шалдыққанын ота жасау барысында ғана анықтаған.
"Балам ауырып барғанда дәрігер ішін басып көрді де, "аппендицит қой" деді. Сосын мен "шыныңды айт, әйтпесе ішіңді кеседі" дедім. Сосын мен қызымның киімдерін апарсам, отаны жасап тастаған. Отадан соң бала оянды. Бірақ анализ алмаған. 5-күні космофер құйды, бала өзгеріп бастады. Мінезі басқаша болды. Қарсыласып, қырсығып бастады. Оны төрт сағат бойы құйған. Сол құйғаннан бала мүлдем тұрмаған",- деді қаза тапқан баланың анасы.
Бағиза Мамырбаева да немересінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр.
"Немеремнің жасы 5-те еді. Бұған дейін еш жері ауырмады. Ауруханаға балам мен келінім апарды. Отадан соң бала оянған. Сөйлескенде жақсы болды. 6-сы күні ұлым үйге жылап келді. "Айсұлуды жедел түрде облыс орталығына апармаса болмайды" деді. Отадан кейін бұлай қалай болғанына таңғалдым. "Бала жетпей қалуы мүмкін" деп ескертті. Үшарал аудандық ауруханасының хирургі Жандос мырза ота жасады", - деді әжесі.
Дәрігердің айтуынша, баланы отаға екі сағат дайындаған.
"Баланы отаға кіргізер алдында екі сағат дайындадық, система салдық, анализдерін алдық. Орта есеппен 30 минут ота жасадық. Космофер сұйықтығын құйдық. Бірақ ол зиянсыз. Екі күн ғана салдық. Олардың гемоглабині көбею үшін арнайы көрсеткіш болады. Балада бастапқыда көрсеткіш жақсы болды. Балаға әрбір дәрі ата-анасының рұқсатымен салынады",- деді Жандос Құсайынұлы.
Аурухананың орынбасары бала отадан таза шыққанын айтты. Бүгінде оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.