Bugin

Арал теңізі қалай адамзат тарихындағы ең ірі көл болған?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Utrecht University

Ежелгі Паратетис көлі жер бетіндегі ең үлкен көл ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Оның нақты өлшемдерін егжей-тегжейлі сипаттайтын зерттеу 2021 жылы Scientific Reports журналында жарияланған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі gizmodo.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Паратетис көлі батысы – Австриядан, шығысы – Түркіменстанға  дейін созылып жатыр. Ол 2,8 миллион шаршы шақырым аумақты қамтыған.  Шамамен 1,77 миллион текше шақырым су қоры  болған.  Паратетис – Жердегі  барлық заманауи көлдерден 10 есе көп.

Салыстыру үшін, қазіргі кездегі ең үлкен көл – Каспий теңізі. Ол дүниежүзілік мұхит суына шыға алмайды.  Сондықтан ол – көл. Каспийдің ауданы 371 мың шаршы шақырымды құрайды.

Паратетис шамамен 11,6 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Мұнда алып киттер мен сүтқоректілер мекендеген. Көл миллиондаған жылдар бойы құрғап, 350 000 жылда суының үштен бірінен астамын және аумағының үштен екісін жоғалтты. Қара теңіз, Каспий теңізі және Арал теңізі тамаша  көлдің негізгі қалдықтары.

Көл атауының өзі су қоймасының ежелгі Тетис мұхитының бір бөлігі болғаны үшін қойылған.  Бірақ мұхиттан Альпі, Карпат және басқа тау жүйелерінің қалыптасуымен бөлінген. «Паратетис» терминін 1924 жылы геолог Владимир Ласкарев ұсынған.

Су қоймасының көлемін зерттеген Утрехт университетінің зерттеушілері Паратетистің жоғалуы қазіргі климаттың өзгеруі су ресурстары мен қоршаған ортаны қалай өзгертетіні туралы сабақ береді дейді.