Bugin

Автобус ұрламақ болған ер адам апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

Талғарда Рысқұлова мен Қонаев көшелерінің қиылысында ер адам автобусты ұрламақ болған. Бұл туралы  Bugin.kz тілшісі Kris_p_talgar Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Талғар қаласының тұрғыны автобус ұрламақ болып, тоқтап тұрған көлікпен соқтығысқан.

Күдікті жоғарғы айналма жолда ұсталды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам мас болған.  Күдіктінің айтуынша, ол автобус жүргізушісі екен. Қылмыс жасаған күні демалысы болған.

Дереккөздің айтуынша, автобус жүргізушісі көлікті айдап әкетпек болған сәтте  дәретханада болған.

Оқиға видеосын мына сілтемеден көре аласыздар. 

Осыған дейін Алматыда жолаушы автобус жүргізушісін ұрып, 3 адамның өліміне себепкер болғанын жазған едік. Оқиғадан соң авторбус жүргізушісі мән-жайды айтқанын хабарладық.