Bugin

Қостанай облысында қатты желден тұрғын үйдің шатыры құлап кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тобыл қаласында ұйытқыған жел салдарынан тұрғын үйдің шатыры опырылып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Водник 5 шағын ауданында болған.

"Көпқабатты тұрғын үйдің шатыры опырылып түсті. Зардап шеккендер жоқ. Бірнеше көлік зақымданған, олардың саны анықталуда. Қазір шатырды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп жауап берді Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қалпына келтіру үшін алдымен жұмыс ауқымы мен залал деңгейі тексерілуде. Одан әрі төтенше жағдай жариялануы мүмкін.