Bugin
Фото: видеодан кадр
Атырауда бір топ адам студентті ұрып-соққан. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
28 желтоқсан күні 13:00 шамасында Атырау политехникалық колледжінің 2006 жылы туған 1-курс студентінің соққыға жығылғаны анықталған.
Құқықбұзушылық жасады деген күдікпен коледждің бес студенті полиция бөліміне жеткізілді. Жәбірленуші студент облыстық аурухана жеткізілді. Оның жеңіл дене жарақатын алғаны анықталды. Қазір оқиғаға байланысты тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.