Bugin
Фото: depositphotos.com
Үйдегі кез келген техникада ақау пайда болса, өрт тұтануы мүмкін. Мұны біз балаларға да үйретеміз. Үйде қоолданылатын кей бүйымдар адам денсаулығынаа өте қауіпті екен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі doctorpiter.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарақаттар, өрт және инфекция қаупі
Түрлі тұрмыстық техникалармен жұмыс істегенде әртүрлі жарақаттар алып, өрт тұтану қауіпі жоғары. Кейбір тұрмыстық техниканы пайдалану кезінде жұқпалы аурулар тарауы немесе аллергиялық аурулар пайда болуы мүмкін.
Бірақ электромагниттік сәулеленудің әсеріне қатысты нақты қорытынды жоқ.
Тостер: Күйіп қалу және электр тогының соғу қаупі
Бұл техника 1893 жылы шығарылғаннан бері адамдар арасында ең жанғыш құрылғы ретінде танымал атаққа ие болды. Өйткені, құрылғыны тек пайдаланып жатқанда ғана қосу керек. Егер ол бос қосылып тұрса, оны қуатсыздандыру керек. Тағы бір мәселе, егер тосттар жай ғана ішіне тұрып қалса немесе бөліктер қызып кетсе, жиі өрт шығады.
Көптеген адамдар қауіпсіздік шараларын өрескел бұзып, құрылғыдан тамақты жалаң қолмен немесе шанышқы мен пышақпен алып кетеді. Сондықтан күйіп қалу және электр тогының соғуы тостер үшін ең маңызды қауіп.
Ыдыс жуғыш машина: саңырауқұлақтардың “жұмағы”
Орнату ерекшеліктеріне байланысты жоғары өрт қаупінен басқа, құрылғының негізгі мәселесі – оның жұмыс принципі. Ылғалдылық пен жылы су, жұмыс циклдері арасында нашар кептірілетін жабық құрылғы саңырауқұлақ флорасының көбеюі үшін тамаша орта.
Түрлі зерттеулерге сәйкес, патогендік саңырауқұлақтар ыдыс жуғыш машиналардың 60 пайызында кездеседі. Әсіресе қауіпті Candida тектес зең мен саңырауқұлақтар. Олар дененің төзімділігі төмендеген адамдарда инфекцияны қоздыруы мүмкін. Ыдыс жуғыш машинаға үнемі күтім жасау мәселені шешуге көмектеседі. Оны айына екі рет сода мен сірке суы ерітінділерімен өңдеу қажет.
Тоңазытқыш: листериоз
Өрт қаупі мен радиация тұрғысынан бұл ең қауіпсіз құрылғылардың бірі. Бірақ тоңазытқыштардың проблемасы – олар суыққа төзімді және тағамға қауіпті бактерияларды тасымалдаушыға айналуы мүмкін. Мұндай қоздырғыштардың қатарына листериоз және иерсиниоз жатады. Бактериялар суыққа оңай төтеп береді. Осыған байланысты әсіресе сүт пен ет, жаңа піскен көкөністер мен шөптер қауіпті. Тоңазытқышқа қойылған соң оларда бактериялар өмір сүріп, өседі.
Азық-түлікті сақтау, әртүрлі сөрелерде бөлу, контейнерлерді пайдалану және жарамдылық мерзімін сақтау ережелеріне мән беру маңызды.
Шаш кептіргіш: электр тогының зақымдану қаупі
Бұл құрылғының жоғары деңгейде электромагниттік сәуле шығаратыны туралы дәлелдер бар. Себебі ол жоғары энергия тұтынады әрі адам басына жақын ұсталады. Бірақ біз фенді жиі пайдаланбаймыз, сондықтан қауіп жоғары. Тағы бір нәрсе, жақын жерде су болған кезде ваннада шаш кептіргішті пайдалансаңыз, өлімге әкелетін электр жарақаты қаупі бар. Ваннада электр тогының соғу қаупі жоғары.
Сондай-ақ құрылғыны қосулы күйде әртүрлі жұмсақ беттерге қою немесе желдеткіш саңылауларды жабу қауіпті. Бұл жағдайда құрылғы қызып кетуі және өртенуі мүмкін. Сондай-ақ апат болдырмау үшін құрылғы мен сымдардың тұтастығын үнемі тексеріп отыру маңызды.
Кондиционер: демікпенің өршу қаупі
Кондиционерлердің жұмысына байланысты демікпе мен аллергия өршитінін растайтын зерттеулер бар. Сонымен қатар, температураның кенеттен өзгеруі «ауру құрылыс синдромын» тудыруы мүмкін. Кондиционерленген бөлмелердегі адамдар терінің тітіркенуіне, шаршау мен бас ауруына, тыныс алудың қиындауына шағымданады. Бұл конденсацияның жиналуына және көгерудің өсуіне байланыстыБұған жол бермеу үшін құрылғыны жүйелі түрде тазалау керек.