Bugin

Қазақстанда пойызда сәби дүниеге келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Ақтөбеге пойызбен бара жатқан жолаушы аман-есен босанды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметіне  сілтеме жасап хабарлайды.

Жас ана Айнагүл Тілеубергенова Тоғыз станциясынан Ақтөбе қаласына дейін №33 "Алматы-Ақтөбе" бағытындағы пойызбен жолға шыққан. Әйелдің толғағы басталғанда пойыз бригадасының қызметкерлері көмекке ұмтылған. Сағат 14:27-де сәби дүниеге келген. Пойыздың жолсерігі Ғалия Қабдрахманова вагонда босанған әйелге қажетті көмек көрсеткен. 

Жем станциясына келгеннен кейін нәресте мен анасын жедел жәрдем қызметкерлері қабылдады. Ата-анасы дүние есігін ашқан нәрестенің есімін Малика деп қойған.

Айта кетейік, жолсеріктердің көмегімен соңғы 3 жылда "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарында 11 сәби дүниеге келді.