Денсаулық
Вейп пен вейперлер
«Демі бардың емі бар»,- демекші бүгінде электронды кальян деген құрылғы бәрімізге таңсық емес болды. Көшеде немесе қоғамдық орындарда, үлкен кіші демей-ақ, қара деместен бірнеше адамдардан көруге болады. Мұндай шегу құралдары 2013 жылдан бастап жастар арасында кең жайыла бастады. Айта кетерлік, кейбір адамдар аталмыш дүниені кәдімгі темекіні тастау үшін қолданады екен.
Көршілес Ресейде электронды шылымдар 2008 жылдары пайда бола бастады. Нарықта әлгіндей шылымдардың көптеген моделдері бар. Әуелі кальян Үндістанда пайда болып, кейін Азияға, сондай-ақ Солтүстік Африка арқылы Еуропаға жеткен. Негізінде, көп адамдар оның зиянды екенін білсе де, қолдануды тоқтатпайды. Оның сыры сан алуан хош иісінтері адам бойындағы тәуелділікті арттырады деп ойлаймын. Қорқордың бұндай түрін шегетіндерді «вейперлер» дейміз.
Бүкіл әлемде де, Қазақстанда да электронды қорқордың нарықтағы беделі асқақтап тұр десек артық айтқанымыз емес. 2015 жылы жахандық баға 8 млрд АҚШ долларын құрады. Біршама аналитиктердің болжамы бойынша 2050 жылға қарай нарықтағы баға 2,3 трлнды құрайды. 2015 жылы еліміздегі бұл индустрия тіркеусіз 5 млрд теңгені көрсетіп отыр. Ал, 2020 жылға қарай бұл көлем екі есеге ұлғайып, 9,5 млрд теңгеге өседі деген болжам бар.
Зерттеушілердің ойынша алдағы уақытта темекі өнімдері деген сұраныс азайып, электронды шылымдарға көбейеді. MASMI агенттігінің дерегі бойынша соңғы екі жылда Қазақстанда осындай шылымдардың нарықтағы үлесі төрт есеге өскен көрінеді. 2014 жылы 0,3%-ға, 2016 жылы 1,4%-ға өсті. Вейп өнімдер заңды түрде қадағаланбайды және арнайы сертификаты болмайды. Қазақстандық электронды шылым сүйушілер шамамен 18-29 жастағылар. Қазақстандық ерлердің 3%, ал әйелдердің 1% вейп өнімдерін тұтынады. Бұл тауарды қолданушылардың көбісі қызмет көрсету аясында немесе кеңсе қызметкерлері.
«Дерт көп денсаулық біреу»,-дегендей әркімнің еркі, денсаулығы өзіне. Бірақ, ертеңгі ұлттың саулығы еліміздің діңгегі, келешегі. Бұған бей жай қарауға болмайды. Әрине, мұны заң жүзінде алып тастамас, оған сұраныста азаймас. Бұны қоғамның үлкен дерті деуге болмайды. Мен бұлай дұрыс не болмаса, бұрыс деп айта алмаймын. Түптеп келгенде шешімді әркімнің өзіне қалдырдық.