ДАМУ

"Қазақстандықтар электр энергиясы үшін артық төлем жасап жүр": Спикерлер АЭС-тің салынуы туралы не дейді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

11 қаңтар күні “АЭС Қазақстанға керек пе?” деген тақырыпта әңгіме алаңы болды. АЭС салудың мүмкіндігі мен қаупі туралы кәсіби экологтар мен мамандар пікірін білдірді. “Экономикалық сұрақтар”, “Энергетикалық қауіпсіздік”, “Жаңартылған экологияның мүмкіндіктері”, “Экологиялық қауіп қатер” тақырыптарында спикерлер сұрақтарға жауап берді.

Жаннат Салимова-Текай, Энергетика саласындағы қаржы тақырыбындағы тәуелсіз эксперт. “Қазақстандықтар АЭС үшін қанша теңге төлейді?”

Lazard.com әлемдік сайты әлемдегі электр энергиясының жұмсалуын есептейді. Сайттың мәліметіне сүйенсек, AЭС Жаңартылған энергия көздеріне қарағанда қымбатырақ. Әлемдегі электр энергиясын атом электрінің кез келген килобайтын жиырма жылға көбейтсек бес есе аз шығынға ұшыраймыз. Біз арзанырақ, қауіпсіз, әрі тезірек ала алатын дүниеміз үшін артық шығындалмасақ та болады. 

Қазақстандықтар электр энергиясы үшін артық төлем жасап жүр: Жаңа туылған сәби, кішкентай бала, орта жастағы немесе үлкен кісі болса да 25 жылдың ішінде біз ай сайын бір адамға 2894,4 теңгеге артық төлеп жүрміз. 

Слайд

Слайд

"АЭС салынған жерлердің бәрі адамдарға қолжетімді болуы екі талай. Бізде базалық генерация мен табиғи өнім болу керек. Базалық энергетика көмір екені белгілі. Германияда ең арзан әрі қауіпсіз энергия болып саналады.  Жаңартылатын энергия – бұл тұтынылатын жылдамдықтан жоғары жылдамдықпен толықтырылатын табиғи көздерден алынатын энергия. АЭС экономикасы электранцияның бағасына байланысты. Қытайлықтар мен корейліктер бізге АЭС салуға келіссе, әрине арзанырақ болады. Ал, француздар келіп салар болса, бұл одан да қымбатырақ болатыны анық," деп пікір білдірді бейтарап спикер. 

Асет Наурызбаев- KEGAS экс-президенті, “Қазақстанға АЭС салмаса бола ма?”

Атом энергиясы Жаңартылған энергиямен салыстырған 5 есе арзанырақ. Жаңартылған энергия ауқымды апаттар болған кезде де адамдар үшін қауіпсіз. Апат болса, адамдардың өліп кетуі немесе үйлерін тастап, көшіп кетуге мәжбүр болмайды. Жаңартылған энергия зиянды қалдықтарды бөлмейді. Бұл экологияны сақтау үшін аса маңызды фактор. Жаңартылған энергия сенімдірек. АЭС салу үшін 10 жылдан артық уақыт кетсе, жаңартылған энергия көздерін салу үшін 2-3 жыл уақыт жеткілікті. Қорытынды: болашақтағы электр энегиясына деген сұранысты жаңартылған энергиямен жаба аламыз. Бастысы: тез, арзан, қауіпсіз.

"Энергетик ретінде ешқандай ауа райына қарамай бізді электр энергиясымен қамтасыз ете алатын станциялар керек екенін айтқым келеді. Біз қымбат немесе қымбат емес  деп айтқанда алдымен, салынатын технологиялар мен пайдаланатын құрал жабдықтардың да қымбат тұратынын есепке алуымыз керек. Мен жасыл экономиканы қолдаймын. Бірақ олардың тоқтаусыз жұмыс істеуі қиын. Экологиялық жағынан қарасақ, қаншама су шығыны кететінін де ойлауымыз керек. Әрине жасыл экономиканы жақартқан жақсы, дегенмен базалық генерацияларды қолданғанымыз тиімдірек. Елдің энергетикасы бәсекеге қабілетті болу керек", деген пікір білдіргі тәуелсіз сарапшы.

Мадина Кукетаева:

“Бәріміз АЭС-тің Қазақстанға керек емес екенін білеміз. "АЭС-ті қолдап, салу керек" деп біржақты жауап берген спикерлер толық жауап бере білуі керек. АЭС туралы жалған ақпарат айтқан кез келген спикерді жауапқа тартып, сотқа беру шарт. АЭС туралы адамдардың білетіні аз. Біз ештеңе білмей тұрып, бізге ақпаратты ашық жеткізбей тұрып, неге келісіп, қол қоюымыз керек. Неге барлық ақпарат ашық әрі қолжетімді болмайды. Бүгін АЭС салуды қолдап сөйлеген спикерлер сұрақтарға нақты жауап бере алмады”.

Ақмарал Шатемірқызы

Қырғыздардың су бермеуі Жамбыл облысындағы талай егіндіктерге су жетпей қалды. Осы уақытқа дейін көңіл аудармаған Балқаш көлінде қалай АЭС саласыздар? Балқаш көлі тартылып, бетіне балдыр шығып кеткен. Айналасы қоқысқа толы. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мен АЭС салуға қарсымын.

"АЭС салуға толық мүмкіндік жоқ. Генерация мен тарифтерді адамдармен ақылдасып қою керек. Ішкі компоненттердің жоқтығы АЭС салуға мүмкіндік бермейді. Екінші аргумент: АЭС немес ЛРТ проектісі 4 жыл жоспарласа, 13-14 жылда салынады. Сол сияқты Францияда 17 жыл салындаы. Демек АЭС салған кезде басшылық назарға алу керек дүниелер көп. Ол 15 - 20 жыл болса, ол кезде технологиялар ауысып кетуі мүмкін. Үшінші. Германиядағы энергетикалық қауіпсіздік жоғары деңгейде. Біздің елімізде де осы қауіgсіздікті сақтау керек", деді тәуелсіз сарапшы.

Могилюк Светлана - модератор.

АЭС қауіпсіз деп ешқандай спикер нақты пікір білдірген жоқ. Керісінше, көптеген спикерлер АЭС салынуына қарсы шығып, қауіпті екенін алға тартты. АЭС ті Балқашта салынуына көбі қарсы. АЭС туралы сұрақтарға ешкім нақты әрі ашық жауап бере алмады.