Bugin

"Мына жігіт педофил": Желіде тұрғындар ер адамды соққыға жыққан видео тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысы Шамалған ауылының тұрғындары мас ер адамды педофил деп ұрып-соққан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол жағдай әлеуметтік желіде тарап кетті. Видео авторы ауыл тұрғындарымен бірге қыздарға секірген педофилді ұстадық деп мәлімдейді. Олар учаскелік полиция қызметкерін де шақырып қойған. Полиция келгенше жігітті ұрып тастаған.

Істі анықтай келе жағдай мүлдем басқа болып шыққан. Тергеу барысында видеодағы ер адам қонаққа келгені және сыртқа шығып қақпаны шатастырып, басқа біреудің үйіне кіріп кеткені анықталды. Кәмелетке толмаған қыз бала оны көргенде айғайлап жіберген, соның салдарынан ағалары келіп, ер адамды ұрып-соққан.

Алайда ұрып-соғу фактісі бойынша іс қозғалмады. Өйткені тараптар полиция бөлімшесінде татуласқан.