Bugin
Коллаж: Bugin.kz
Суретте: Анатолий Букреев және Букреев шыңы
1958 жылдың 16 қаңтарында әлемнің ең биік шыңы Эверестті екі рет бағындырған қазақстандық альпинист Анатолий Букреев дүниеге келді. Ол Челябинск облысының Коркино қаласында қарапайым отбасындағы үшінші бала болды. Бала кезінен болашақ альпинист техникалық ғылымдарға бейімділік танытқан. Bugin.kz порталы альпинист өміріне қатысты қысқаша деректер топтамасын құрастырды.
ШАҢҒЫШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ЕҢ ЖАҚСЫ АЛЬПИНИСТ
Кеңес дәуірінде Ресей жерінде дүниеге келген альпинист Букреев әскери борышын Алматы қаласында өтеген. Сол жерде денсаулығынан минигит ауруы анықталып госпитальға түседі. Оның анасы Валентина Андреевна ұлына күтім жасау үшін Қазақстанға сапар шеккен. Әлсіздіктен аяғына әрең тұрып, жатақханадағы бөлмеде қабырғаға сүйеніп жүрген ұлын елге алып кеткісі келген анасының ұсынысынан Букреев бас тартқан. Осылайша облыстық балалар үйірмесіне жаттықтырушы болып орналасқан альпинистің одан кейінгі ғұмыры қазақ даласында жалғасты.
Сол жылдары ол Тянь-Шань шыңдарын бағындырып, атақ-абыройға ие бола бастады. Сол кезді еске түсіре отырып, Букреев барлық шаңғышылар арасында ең жақсы альпинист және альпинистер арасында ең жақсы шаңғышы болғанын айтқан.
ТАУДАҒЫ КЕЗЕҢДЕР
Эверестті Букреев 1995 жылы екі рет бағындырды, ал одан екі жыл бұрын экспедицияның үш мүшесі қаза тапқан Чогори әлемінің екінші шыңына көтерілді. Сол жылдары кез-келген жағдайда жоғалып кетпейтін тәжірибелі гид ретінде беделге ие болды. Чемпионат порталының мәліметіне сәйкес, аталған жылдың жаз мезгілінде Анатолий Букреев Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке гид рөлін атқарды және оған Абай шыңын (4000 метрден астам) бағындыруға көмектескен.
1996 жылы Букреев бірнеше альпинистік топқа жетекші болып, бірнеше адамды тау көшкінінен аман алып қалған, десе де олардың ішінде қайтыс болғандар да бар. Бірнеше экпедициядан кейін Букреев жол апатына түскен, бірнеше жарақат алса да қайта қалыпқа тез келіп Гималайды бағындырған.
Бірақ Аннапурнаны бағындыру әрекеті өліммен аяқталды. Букреевтің осы сапарында альпинист-видеограф Дмитрий Соболев пен итальяндық Симоне Моро қар көшкінінің астына қалған. Моро бір ғажайыптың арқасында тірі қалған. Содан кейін ол таудағы оқиға туралы, ол жақта не болғанын хабарлады, тіпті досының соңғы биіктігі туралы кітап жазды.
Букреев пен Соболевтің денелері көптеген әрекеттерге қарамастан табылған жоқ. Аннапурнаның етегінде қазір ұлы альпинист жиі қайталайтын сөздері бар мемориалдық тақта бар: "таулар мен өз амбицияларымды қанағаттандыратын стадион емес, олар менің дінімді ұстанатын ғибадатханалар".
1997 жылы 25 желтоқсанда бүкіл әлем католиктік Рождество мерекесін тойлап жатқан кезде, Аннапурна шыңдарының біріне түскен қар көшкіні тарихтағы ең ұлы альпинистердің бірін жерледі.
Алматыдағы Пионерский шыңы 2007 жылдан бастап қазақстандық альпинист Анатолий Букреевтің есімімен аталады. Букреев шыңы Іле Алатауының бір бөлігі.