Bugin
Танымал Ресей жүргізушісіне Қазақстандағы орысша атауларды қазақша өзгерту ұсынысы жақпай қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ресейлік журналист Тина Канделаки Қазақстандағы теміржол станцияларының атауын қазақша өзгерту ұсынысын құптамайтынын айтқан.
Көлік министрлігінің Ашық НҚА сайтында жарияланған құжатта "Сай-Утес бекетін → Сайөтес", "Узень → Жаңаөзен", "Уральск → Орал", "Джалтыр → Жалтыр" деп бірнеше станция атауының транскрипциясын өзгерту туралы жазылған.
"Балтық елдерінің тәжірибесіне сүйенсек, бұл өте қауіпті тенденция. Барлығы шағын істен басталып, кейін орыс мектептері жабыла бастады, кеңес ескерткіштері алынып тасталды, орыс тіліне тыйым салынды",- деп жазды ол.