Bugin

Пойызда туриске көмегін ұсынған теміржол қызметкері оны зорлап кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Пойызда туриске көмегін ұсынған теміржол қызметкері оны зорлап кеткен, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Үндістандағы Hampi Express пойызында болған. Теміржол қызметкері пойызда ұлыбританиялық туристі зорлаған. 30 жастағы саяхатшы Хоспеттен Карнатака штатындағы Бангалорға бармақшы болған.

Пойызға отырғаннан кейін ұлыбританиялық туристің іші бүріп ауырған. Ол пойыз қызметкерлерінің бірін көмекке шақырады.

Көмек көрсеткен сыңай танытқан үндістандық туристі зорлап кеткен. Полицияға мән-жайды баяндап берген жәбірленуші ауырсыну салдарынан әлсіреп кеткенін, сол себепті қаскөйден құтылып кете алмағанын айтқан. 

Теміржол қызметкері 22 жаста. Полиция күдіктіні қолға түсіргенімен, жігіт кепіл беріп, босап шыққан.