Bugin
Фото: бағдарламадан скриншот
Жанар Байсемізованың "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасында АҚШ азаматтары асырап алған баланың өмірін көрсетті. Бұл туралы bugin.kz тілшісі бағдарламаға сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ-тың Юта штатында тұратын ерлі-зайыпты 50 жастан асқанда Қазақстаннан 2 қыз асырап алған. Бұл – ерлі-зайыптылардың екінші некесі. Бірінші некелерінен екеуінің де балалары бар. Ер адам бес бала, әйел 3 бала өсірген. Екеуінің ортақ перзенттері де бар. Сөйте тұра, Қазақстаннан 2 қыз асырап алған.
Олар баланы Қарағандыдағы “Малютка” балалар үйінен асырап алған. Бастапқыда Америкадан 3 отбасы болып келген. Әр отбасы 2-3 баладан асырап алған. Олар беларусь және қазақ ұлтынан 2 қызды бауырына басқан.
Джулия мен Николь 6 айлық және 1,5 жасында шетел асқан. Асырап алушы ата-анасы олардың бір-біріне серік болғанын қалаған. Елден алты айлығында кеткен Бисембаева Наргиздың есімі Николь деп өзгертілген. Ол қазір 22 жаста.
Николь жүзуден Юта штаты бойынша ең мықтылардың бірі болған. Африкадан босқындар келгенде, 180 балаға жүзуді үйреткен. Өнерлі қыз скрипка тартып, би билейді. Дизайнға қызығады, суретті де жақсы салады.
Шетелдегі қазақ қызы қазір соңғы курста оқиды. IT саласында сарапшы. Ақпараттық технологиялар университетінде жұмыс істиді. Америкалық футбол командасының жаттықтырушысы. Құзға өрмелеу спортымен айналысады.