Weekend

Тәжірибесіз жастар жұмыссыз жүр

Елімізде жұмыссыздықпен күрес мәселесі күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен емес

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі уақытта жұмыссыздық дерті тек қазақ қоғамын ғана емес, әлем елдерін де алаңдатып отыр. Қазақстанда жұмыссыздық мәселесі жастарды айналып өтпейтіні анық. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің  деректеріне сүйенсек,елімізде жұмыссыз жүрген адамдардың саны 442,3 мыңға жеткен. Бүгінгі таңда жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрап отыр. 2016 жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 0,1%-ға төмендеген. Ал  Астана қаласының Статистика департаментінің деректері бойынша2017 Астана қаласы бойынша еңбек нарығындағы жағдайға сай жастар арасындағы (15-28 жас)  елордадағы жұмыссыздық деңгейі 4,6% болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 4,4% құраған.

Жастардың жұмысқа таба алмауының өз себептері де аз емес. Біріншіден, жоғары оқу орнын аяқтап, еңбек нарығына қадам басқан жас маман мен жұмыс беруші арасындағы туындайтын мәселелердің бірі – еңбек өтілінің жоқтығы. Екінші мәселе – университетке грантқа кездейсоқ түсіп, мамандығына деген қызығушылығының болмауы. Үшінші – жалақының аздығы. Осы сынды мәселелер тізбектеліп кете береді. Күн көріс қамын ойлаған жастар мамандық бойынша жұмыс іздеп, істегеннен гөрі, мүлдем басқа салаға кететіні де жасырын емес.

Жалпы жұмысты еңбекпен қамту мақсатында біраз жобалар жүзеге асырылды. «Дипломмен ауылға!» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Н.Ә.Назарбаев бастамасы бойынша құрылды. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап өз жұмысын бастады. Онда ауылды тұрғылықты пункттеріне өмір сүру және жұмыс істеу үшін келген әлеуметтік салалар мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қарастырылған болатын.    Содан кейін «Жол картасы – 2020» бағдарламасы тармағының бірі «Жастар тәжірибесі» жобасы сәтті түрде өз жұмысын жалғастыруда. Аталмыш бағдарлама аясындаоқу орнын аяқтаған жас маман жұмыс тәжірибесіне ие болу үшін алты айлық жастар тәжірибесін өтеді.
Жұмыспен қамту орталығы түлектермен үшжақты алты айға еңбек шартын жасайды. Жұмыс күні ҚР еңбек заңнамасы бойынша еңбек шарттарына сәйкес анықталады. Жастар тәжірибесіне бағытталған бағдарламаларға қатысушылардың ай сайынғы жалақы мөлшері  64809 теңгені құрайды. Келісім-шарт уақыты аяқталғаннан кейін, жұмыс беруші жарты жыл бойы тәжірибе өткен маманды жұмысқа қабылдауы, не болмаса қабылдамауға құқылы.

Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омардың айтуынша, Жастар тәжірибесі – жастарға арнал зор мүмкіндік екенін екенін атап өтті. Биылғы жылы іске қосылған enbek.kz сайты арқылы да жастар өз мамандығы бойынша бос жұмыс орындарын көре алады.

Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының мәліметтеріне сүйенсек, электрондық еңбек биржасында 31 000  астам бос орындар хабарландыруы, 83 000 түйіндеме орналасқан. Астана қаласының жұмыспен қамту орталығының мәліметтері бойынша елордада 3000-ға жуық адам жұмыс іздеуде. Еңбек биржасы 38 жеке меншіктегі жұмыс беруші агенттіктер, жұмыс іздеу бойынша 5 интернет-сайт, 31 000 –ға жуық жұмыс берушілердің басын біріктіріп отыр.